Төтенше жағдайға байланысты салық декларациясын ұсыну мерзімі ұзартылды

1316

Декларацияны 30 сәуірге дейін өткізуге болады.

Төтенше жағдайға байланысты салық декларациясын ұсыну мерзімі ұзартылды

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі төтенше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, ол 30 күнтізбелік күнге, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылады. Алайда, ол үшін салық есептілігі нысандарын электронды түрде тапсыру қажет. Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. 

"2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылған электронды декларациялар уақытында табыс етілген болып саналады",  деп жазылған ресми ақпаратта.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кеңшіліктер мынадай салық есептілігінің нысандарына қатысты қолданылады:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандар);
2) жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар);
3) жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация
(230.00 нысан);
4) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);
5) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан);
6) жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан);
7) тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 нысан);
8) бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысан).
Салық декларациясы, төтенше жағдай, мемлекеттік кірістер комитеті, декларация мерзімі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу