Төтенше жағдайлар министрі қызметінен кетеді деп ойлаймын – депутат

511

Жаңа министрлер кабинетінің құрамы әлі толық жасақталмады.  

Төтенше жағдайлар министрі қызметінен кетеді деп ойлаймын – депутат Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Үкіметтің жаңа құрамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ өкілдері спикерден "Жаңа тағайындалған Премьер Әлихан Смайыловтан несімен өзгешеленеді?" деп сұрады.

"Парламентте пікір алуандығы бар. Алты партияның ішінде екеуі дауыс беруден қалыс қалды. Барлығы 76 депутат болса, соның жетеуі қалыс қалып, қалғаны жаңа кандидатураны қолдап дауыс берді. Жаңа Премьер-Министр Президент әкімшілігін басқарғанын, тәжірибесі мол екенін әрі еңбек жолын қарапайым қызметкер ретінде бастағанын ескерсек, меніңше, ол алдындағы Үкімет басшысынан қарағанда ерекшеленеді. Біз әрдайым жақсылыққа сенеміз", - деді мәжілісмен.

Сергей Пономарев Үкіметтің жаңа құрамына қатысты болжам айтты.

"Менің ойымша, Шәріпханов оқытушылық қызметіне қайта оралатын сияқты. Ол жақсы профессор, педагог, ұстаз. Төтенше жағдайлар министрлігіне кризиске қарсы менеджер, әскери адам керек", - деп жалғастырды ол.

Тілшілер "Демек ол өз жұмысын орындай алмады ма?" деп нақтылады.

"Солай деп ойлаймын. Алматыдағы жер сілкінісі, дабыл жүйесімен байланысты мәселелер болды. Өкінішке қарай, бұдан басқа қазіргі ТЖМ басшысы шеше алмаған мәселелер де жоқ емес. (...) Меніңше, Төтенше жағдайлар министрі кетеді", - деді Пономарев.

Айта кету керек, осыған дейін  Мәжіліс депутаттарының Үкіметтің жаңа құрамына және Премьер-Министрдің кандидатурасына қатысты пікірлерін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу