Қытайдың TikTok деп аталатын әлеуметтік желісінің атқарушы директоры Кевин Майер жұмысынан кетті. Бұған Ақ үй басшысы Дональд Трамптың бұл платформаны ел аумағында бұғаттаймын деп мәлімдеме жасағаны себеп болды.
Майердің бұл қызметке келгеніне бірнеше ай болған. Нақтырақ айтқанда, 2020 жылдың мамырында атқарушы директор болып тағайындалды. Енді оның орнына қазіргі бас менеджер Ванесса Паппас келеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп егер осы әлеуметтік желінің иесі ByteDance компаниясы 15 қыркүйекке дейін TikTok-ты америкалық компанияға сатпаса, платформаға тыйым салатыны туралы жарлыққа қол қойды. Құрама Штаттар президенті TikTok АҚШ туралы жалған ақпарат таратып, қолданушылар туралы мәліметті Қытай билігіне тапсырып отырады деген пікірде.
Табиғат Нұрболат
Фото: vc.ru