TikTok иесі Трамп әкімшілігін сотқа берді

530

Бұл қытайлықтардың екінші қуынымы.

TikTok иесі Трамп әкімшілігін сотқа берді

TikTok әлеуметтік желісінің иесі Bytedance компаниясы АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне қарсы тағы бір қуынымды сотқа жіберді.  Ақ үй басшысы Құрама Штаттар территориясында осы әлеуметтік желіге тыйым салмақшы. Бұған дейін де Bytedance америкалық әкімшілікті сотқа берген еді. 

Екінші қуынымды сотқа жіберген әлеуметтік желі қызметкерінің айтуынша, Трамп жарлығының кесірінен АҚШ-та жұмыс істейтін 1500 қызметкер жалақыдан қағылуы мүмкін. Қуынымда қызметкерлердің мүддесі Трамп пен Қытай арасындағы саяси тартыста ескеріліп жатпағаны жазылған. 

Еске сала кетсек, Трамп қытайлық TikTok  пен WeChat желілеріне қатысты жарлыққа қол қойып, Bytedance-пен жасалған келісімді жоюға 45 күн берген болатын. Ақ үй қожайыны TikTok америкалықтар туралы деректерді Қытайға жіберіп отырады, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деген ойда.

Табиғат Нұрболат

Фото: businessinsider.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу