"Транснефть" 18 қазақстандық мұнай компаниясына өтемақы төлейді

666

Енді тағы 6 компанияға төленуі керек.

"Транснефть" 18 қазақстандық мұнай компаниясына өтемақы төлейді

"ҚазТрансОйл" АҚ мен "Транснефть" ЖАҚ жарамсыз мұнай үшін өтемақы төлеу туралы 18 келісімге қол қойды. Бұл туралы ұлттық оператордың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстандық мұнай компанияларына өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қою жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың 7 қарашасында біз 14 қазақстандық мұнай компаниясының пайдасына келісім жасадық. Бүгін 18 компанияның мүддесі үшін ұқсас құжаттарға қол қойдық. Қалған 6 компанияның пайдасына келісімдер олар дайын болған кезде жасалады", – деді "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Димаш Досанов.

Естеріңізге сала кетсек, мұнайдың ластанғаны туралы жаңалық биыл сәуір айының соңында тарады. Балтық теңізі жағалауындағы Усть-Луга портына жеткен және Германияға, Польшаға, Украинаға, Беларуське, Чех Республикасына баратын "Дружба" құбырындағы мұнайдан химиялық элемент табылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу