Триатлоннан екі әлем кубогі өтпейтін болды

734

2020 жылы Сарасот-Брадентон мен Жаңа Плимутта жоспарланған триатлоннан ITU әлем кубогтары өтпейді.

Триатлоннан екі әлем кубогі өтпейтін болды

Халықаралық триатлон федерациясының атқарушы кеңесі COVID-19 індеті жайлаған тұста спортшылардың қауіпсіздігі тексеріп, жағдайға мониторинг жасау мақсатында арнайы видеоконференция ұйымдастырды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Әлемде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, кеңес әр апта сайын онлайн-жиналыс ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ, халықаралық федерация ұйымдастырушы комитет пен құрлықтық конфедерация және де ұлттық федерациялармен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеуде. Қазіргі таңда аталған ұйымдар алдындағы басты талқыланатын тақырып – жарыс күнтізбесіне енгізілетін өзгерістер. Спортшылардың қауіпсіздігі мақсатында атқарушы кеңес осыған дейін кейінге шегегірлген екі доданың өтпейтінін мәлімдеді. Атап айтқанда, 2020 жылы Сарасот-Брадентон мен Жаңа Плимутта жоспарланған триатлоннан ITU әлем кубогтары өтпейтін болды.

Айта кетерлігі, осыған дейін халықаралық триатлон федерациясы барлық доданы 30 маусымға дейін тоқтатқан болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу