Қазақстандағы түлектердің 30 пайыздан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сондықтан білім сапасын арттыру қажет. Осы мақсатта 2025 жылы жұмысшы мамандықтары бойынша 100 кәсіби стандартты қабылдау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 864 кәсіби стандарт бар. Олардың негізінде оқу бағдарламаларын жаңартуымыз керек", – деді вице-министр Үкіметте өткен баспасөз брифингінде.
Айта кету керек, еңбек нарығында 7800-ден астам кәсіп сұранысқа ие. Жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың 30%-ға жуығы зейнетақы аударымдарынан тыс қалған. Елімізде 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр.