Тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады

2207

Ақмола облысында "Қауіптілер" тобындағы тұлғаларға екпе егу үшін тегін 72 860 вакцина қарастырылған. 

Тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады

Ақмола облысында 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады. Осы ретте, екпені тегін алатын адамдардың тобы анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, тұмауға қарсы екпе алу үшін тұрғындар тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларға баруы қажет.

"Облыс аумағында екпе егетін 364 ем-шара кабинеті анықталып отыр. "Қауіптілер" тобындағы тұлғаларға екпе егу үшін тегін 72 860 вакцина қарастырылған. Осы бағытта жергілікті бюджет есебінен 7 миллион 830 мың теңгеге 9 мың "Гриппол плюс" вакцинасы сатып алынды. Бұл вакцина биылғы эпидемологиялық маусымда байқалады деп болжанып отырған тұмаудың А және В түрлеріне қарсы егілмекші", - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Дәрігерлердің атап өткендей, тұмауға қарсы тегін екпені медицина қызметкерлері, 2-3 айлық жүкті әйелдер, созылмалы ауруларымен диспансерлік есепте тұрған ерсектер мен балалар, жиі ауыратын 6 жастан асқан балалар, жабық мекемелердегі адамдар алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу