Тұрақты даму мақсаттарына жету жөнінде декларация жасалды

1067

Тұрақты даму мақсаттарына жету жөнінде декларация жасалды

Астанада "Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету" министрлік конференциясы аяқталды. Кезедесуге қатысушы елдер тұрақты даму мақсаттарына жету жөнінде жан-жақты қолдау көрсету ниетін бірлескен декларацияда бекітті.

Конференцияны қорытындылаған Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев энергия жаһандық экономикалық өсімге қол жеткізуде маңызды рөл атқаратынын және экономиканың барлық салаларын дамытудың негізі екенін атап өтті.

"Біздің мемлекеттерімізге әлемді тұрақты дамыту үшін аса қымбат емес, сенімді әрі берік және заманауи энергия көздерімен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар энергетика саласында парниктік газдарды бөлу көлемін қысқарту қажет. Газдардың бөлінуінің тиімділігін арттыру және қысқарту экологиялық мақсаттарға жетуде маңызға ие болмақ. Біз аталмыш құжатта көрсетілген бастамаларды өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізге сәйкес ілгерілетуді міндетімізге аламыз. Біз тұрақты энергетика саласында ұлттық жоспарларды болашақтағы энергетикалық сұраныстарымызға сәйкес әзірлеуді құптаймыз", – делінеді бірлескен декларацияда.

Конференцияға қатысушылар Астанада "Болашақ энергиясы" жасыл технологиялар және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, орталық энергетикалық нарықты реформалау, энергиялық тиімділік, жаңартылатын энергетика, энергияға қолжетімділік, энергетикалық қауіпсіздік, қаржы және инвестициялар, технологиялар және энергетика, индикаторлар және талдау жөніндегі мәліметтер базасы секілді салаларда жетекші орынға айналмақ, сондай-ақ біз аталмыш орталыққа басқа да тиісті ұйымдармен және технологиялық орталықтармен ынтымақтастықты дамытуды ұсынамыз. Жобаны БҰҰ-ның мүдделі ұйымдарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының үкіметі мен бюджеттен тыс ерікті ресурстар қаржыландырады.

Энергетикалық мекемелердің басшылары энергетикалық тиімділік жөніндегі халықаралық танылған стандарттарды дамыту және таратуда қолдау көрсететінін мәлімдеді. Сонымен қатар олар жария мәліметтерді жинау, сондай-ақ энергетика саласында тиісті мәліметтер мен индикаторларды жинақтау және тарату бойынша әдістеме әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында министрлер БҰҰ-ның бастамасымен бірлескен іс-қимылдардың прогресін бағалау үшін тағы да бас қосуға ниетті екендігін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу