2019 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 104 парақорлық фактісі тіркелді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Статистикалық мәліметтер бойынша тек 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған салада 104 қылмысты қарады. Оның 91-ін жемқорлыққа қарсы қызмет тіркеп, 56-сын тергеп, кейін 49-ы сотқа жіберілді. 20-дан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды",–делінген хабарламада.
2019 жылы аталған қылмыстардан мемлекетке 2,5 млрд теңге залал келген. Бұл қаражаттың шамамен 100%-ы қайтарылды.
Жалпы 2017-2019 жылдар аралығында ТКШ және энергетика саласында 300-ден аса пара беру фактісі тіркелген. Нәтижесінде 288 іс сотқа жіберіліп, 78 адам жауапқа тартылған.