Сапархан Омаров Нұр-Сұлтан қаласында Dervisoglu Group делегациясын қабылдады. Ендігі кезекте компанияның акционері Саит Дервишоглу мен техникалық директор Мехмет Бучак органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысатын қазақстандық фермерлермен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ, түрік компаниясы АҚШ нарығына қазақстандық өнімді экспорттау үшін америкалық NОР сертификатын алу мүмкіндігін талқылауға ниетті.
Айта кетсек, аталмыш кездесуге биылғы жылдың қазан айында Ауыл шаруашылығы министрінің Түркияға сапары мұрындық болды. Ауыл шаруашылығы министрі Түркияның ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізіп, Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуы және АӨК-нің өндірістік әлеуеті туралы баяндап, сондай-ақ елдің агросекторына белсенді инвестиция салуға шақырған еді. Сапархан Омаров отандық фермерлермен ынтымақтастықты орнатуға кепілдік берген болатын.
АШМ басшысының ұсынысын бірқатар компания, соның ішінде АҚШ-қа органикалық өнімді өсіруге, қайта өңдеуге және экспорттауға маманданған Dervisoglu Group компаниясы да қабыл алған еді.
Жылдық айналымы 285 миллион АҚШ долларын құрайтын Dervisoglu Group компаниясы Қазақстанмен органикалық егіншілік саласындағы ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде майлы және дәнді дақылдарды өңдеу және буып-түю өндірісін құруға қызығушылық танытты