Түркі кеңесі аясында мемлекеттер арасында "Жасыл дәліз" ұйымдастырылады

1005

Сондай-ақ Көлік кординациялық комитеті құрылады. 

Түркі кеңесі аясында мемлекеттер арасында "Жасыл дәліз" ұйымдастырылады

Түркі кеңесі аясында мемлекеттер арасында "Жасыл дәліз" ұйымдастырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Жаһандық пандемияның аймақтағы елдер экономикасына жағымсыз әсерін төмендету үшін "Шығыс-Батыс Каспийаралық халықаралық көлік дәлізі" арқылы тасымалдау операцияларын оңтайландыруға баса назар аударылды. Нәтижесінде шекаралар арқылы гуманитарлық мақсаттағы және қажеттілігі жоғары тауарларды, дәрі мен медициналық жабдықтарды жеткізу, пайда болған мәселелер туралы тұрақты ақпарат алмасу туралы келісімге қол жеткізілді", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Түркі кеңесінің аясында Көлік кординациялық комитеті құрылатын болды. Оның мақсаты жүк тасымалы, логистика саласындағы кез келген мәселені шешу. Комитеттің алғашқы отырысы мамырдың ортасында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу