Түркіменстан жыл соңына дейін шекарасын ашпайды

721

Халықаралық әуе, теңіз, теміржол және автомобиль байланыстарындағы шектеулерде осындай мерзімге ұзартылуда. 

Түркіменстан жыл соңына дейін шекарасын ашпайды

Түркіменстан 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ел азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік шекарадан өтуге уақытша шектеулерін ұзартады, деп хабарлайды ORIENT Turkmen ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар халықаралық әуе, теңіз, теміржол және автомобиль байланыстарындағы шектеулерде осындай мерзімге ұзартылуда, деп хабарлайды агенттік.

Бұл шаралар елге жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында енгізіліп отыр.

Сондай-ақ Түркіменстанда 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін мешіттерде діни рәсімдерге байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеу ұзартылып жатыр.

Шаштараз және тігін ательелерінің әлеуметтік қызметтер саласындағы маңыздылығын ескере отырып, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін осы кәсіпорындарға бұрын берілген жұмыс рұқсаттары ұзартылып жатыр. Шаштараздар мен тігін ательелері қолданыстағы санитарлық-гигиеналық ережелерді қатаң сақтай отырып және таңертеңгі 9-дан кешкі сегізге дейін жұмыс жасай алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу