"Оқиға күні судан құтқарылған үш адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі 49 жаста болса, қалғаны 8 және 9 жастағы жасөспірім. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы, бірқалыпты. Ал, одан бөлек, 2 жүкті әйел медициналық көмекке жүгінген. Олар суға түспеген, тек оқиғадан қорқып қалған. Дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды" - делінген Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Еске сала кетсек, Түркістан облысында Сырдарияға шомылған 11 адам суға батып кетті.
Олардың бәрі бір әулеттің адамдары.
Ал, кеше құтқарушылар Сырдария өзеніне батып кеткен 11-адамның денесін тапты.