Түркістанда таңғажайып этноауыл ашылды

915

Этноауылға келген әрбір жан шебердің жасаған бұйымдарын өз қолдарымен істеп көруіне болады. 

Түркістанда таңғажайып этноауыл ашылды

Бұл жоба өткен ғасырлардың тарихынан сыр шертетін Қ.А.Яссауи мұражай-мемориалдық кешенінің органикалық жалғасына айналды деуге болады. Себебі мұнда келген жан қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және мәдениетімен анағұрлым жақынырақ танысады, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен замандарға өтіп кеткендей күй кештіретін этноауылдың сиқыры кіреберісінен басталады.  Келген қонақтарды ұлттық нақышта киінген шығыстың сұлулары мен батырлары күтіп алды. Сондай-ақ, күш сынасқан жас палуандар қазақ халқының сонау замандардан спортқа қаншалықты бейімді болғанын көрсетті. Ал, балалар жағы асық атып, тоғызқұмалақ ойнаса, абыз ақсақалдар салиқалы ойларымен бөлісіп өмірдің мәнін ұғындырып жатты.

Шара барысында еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақыртылған қолөнер шеберлері дайындаған ұлттық киімдер мен бұйымдардың таңғажайып түрін көрсетті. Олар қазақ әйелдері мен қыздарының киімдері әр аймақта несімен ерекшеленетінін түсіндірді.  

Шеберлер қышпен, ағаш және металмен тұрмыстық бұйымдарды қалай жасау керектігін, сондай-ақ ежелгі тоқыма станогында кілем тоқуды, былғары өндіруді үйретеді.  

Сонымен қатар, базарда бүгінге дейін жеткен және ұмытыла бастаған көшпенді халықтың ұлттық сусындар дайындалып, қонақтарға тарту етіледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу