Түркістандағы 5 жасар қыз өлімі: Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылады

2106

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістандағы 5 жасар қыз өлімі: Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылады Фото: google.com

Жоғарғы сот биылғы мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды", - делінген хабарламада.

Бұл судья 5 жасар қызды өлтірген күдіктіге осыған дейін бостандықты шектеу түрінде жаза тағайындаған.

Айта кету керек, осыған дейін Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қыздың денесін ауыл тұрғындарының бірінің үйінен тапты.

Мемлекет басшысы Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу