Түркістандағы 5 жасар қыздың өлімі: Сот процесі басталды

896

Сот басқа аймақтың тергеу изоляторының аумағында өтеді.

Түркістандағы 5 жасар қыздың өлімі: Сот процесі басталды Фото: pexels.com

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты сот процесі басталды. Бұл туралы адвокат Талғат Есімов өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 5 жасар қыздың өлімі бойынша сот процесі басталды. Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және үлкен резонансқа байланысты сот басқа аймақтың тергеу изоляторының аумағында өтеді", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға осы жылдың шілде айында болды. Сарыағашта жоғалған 5 жасар қыздың денесі ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу