Түркия билігі жүзден астам оқытушыны қамауға алмақшы

933

Түркия билігі жүзден астам оқытушыны қамауға алмақшы

Анкара прокуратурасы АҚШ-та тұратын оппозициялық уағызшы Фетхуллах Гюленьмен байланысы болғаны үшін 103 оқытушыны қамауға алуға ордер берді, деп хабарлайды "Интерфакс" түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Түркия билігі Гюленьді биылғы жылғы шілденің ортасында сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырушы деп санайды. БАҚ-тың ақпараты бойынша, Түркияның провинцияларында жүргізілген операциялар барысында оқытушылардың 31-і ұсталған. Кейбір деректер бойынша, тізімдегі 22 адам шетелде жүр. Билік сәтсіз аяқталған көтерілістен соң 30 мың адамды тұтқындаған болатын, деп жазады түркиялық БАҚ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу