Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы болса да, Финляндияға қатысты оң шешім қабылдауы мүмкін

744

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оның елі Финляндияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін Швециядан бөлек қарастыра алатынын мәлімдеді.   

Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы болса да, Финляндияға қатысты оң шешім қабылдауы мүмкін Фото: img7.eadaily.com

Биледжик қаласында жастар алдында сөйлеген Түрік көшбасшысы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қажет болса, Финляндияға қатысты басқа шешім қабылдай аламыз,егер ол Швеция жіберген қателіктерді қайталамаса", - деді Ердоған.

Түрік көшбасшысы Түркия Швецияның НАТО-ға кіру шарттарын нақты айтты.

"Біз Швеция премьер-министріне не істеу керек екенін түсіндірдік. Олар НАТО-ға кіруі үшін бізге террористерді ұстап беруі тиіс. 120 адамнан тұратын тізімді тапсырдық. Егер Швеция сол адамдарды бізге бермесе, Одаққа қабылдау туралы да сөз болмайды", - деді Ердоған.

Бұған дейін Дат ультра оңшыл саясаткері, исламға қарсы Stram Kurs партиясының ("қатаң курс") басқарушысы Расмус Палудан жұрт көзінше Құранды өртеп жіберді. Бұл әрекетке Швеция билігі рұқсат бергені анықталды. Жауап ретінде Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсылығын білдірді.

Кейін Финляндияның премьер-министрі Пекка Хаависто Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі туралы Түркиямен келіссөздерді уақытша тоқтатқанды жөн көрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу