Түркияда зілзалада із-түзсіз кеткен Мирболат Құрмашевтің денесі табылды

659

Түркияда жоғалған қазақстандық IT маман Мирболат Құрмашевтің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Түркияда зілзалада із-түзсіз кеткен Мирболат Құрмашевтің денесі табылды Фото: Google

Бұл жайында Түркияның Хатай қаласында жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге аттанған бастамашыл топ Telegram парақшасында мәлімдеді.

"Біз одан айырылып қалдық" - деп делінген хабарламада.

Мирболат Құрмашевтің денесін біздің құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан.

"Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі шығарылды. Үйінді жағдайындағы қозғалыс кезінде іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына жету үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасады. Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтер қайта құламас үшін тосқауылда кішкентай саңылау жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты" - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бұған дейін Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирболат Құрмашевтің Түркияда жоғалып кеткенін жазған едік. Ағасы Алматтың айтуынша, зілзала кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Жер сілкінісінен кейін онымен байланыс үзілген.

Кейін Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Оның екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы. Соның ішінде Сабина Мамадиярова аман табылды, ал кеше Әділ Қадырбековтың денесі үйінді астынан шығарылды. Үшінші адам - Құбылай Кескин Түркия азаматы да мерт болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу