ТЖМ баспасөз қызметінінің ақпаратына сәйкес, бұл – іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан учаскелердің жанында орналасқан толығымен қираған үй. Нысанда ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептобының Джейкоб есімді иті үйінділердің астында тірі адамның болуы мүмкін екендігі жөнінде сигнал берді, деп жазады inbusiness.kz
"Джейкобтың сигналы негізінде "тыныштық минутын" жариялау туралы шешім қабылданды. Бұл уақыт көмек сұраған кезде адамдардың үйінділердің астындағы дауыстарын естуге арналған. Джейкоб – малинуа тұқымының иті. Төтенше жағдайға тап болған адамдарға қаншама рет көмектескен", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
ТЖМ мәліметінше, Джейкоб 6 жыл бойы құтқарушы болып жұмыс істейді.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстандық еріктілердің Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастағанын жазған болатынбыз.