Кадрдан "Алға, Қайрат!" деген жазумен қаз-қатар тізілген көліктердің Hyundai Sonata екені анық байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еліміздегі бұл көліктердің құны шамамен 15 290 000 теңгеден басталады. Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов "Қайрат" футбол клубы "Реал Мадридті" жеңетін болса, осы темір тұлпарларды әр ойыншыға сыйға тартуға бекініп отыр.
Айта кетейік, ойын 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді.
Бұған дейін "Қайрат" пен "Реал" матчынан Алматыға 4,8 миллиард теңгеге дейін табыс түсуі мүмкін екенін жазған едік.
Оның алдында қос команданың ойынын қайдан көруге болатынын хабарладық.