ҰЭМ еліміздегі кедейлік шегін бекітті

1126

ҰЭМ еліміздегі кедейлік шегін бекітті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегін бекітті. Бұл туралы egov.kz порталына сілтеме жасап 7kun.kz хабарлайды.

Осы жылдың қыркүйегінде елімізде күнкөріс минимумы  23 мың теңгені құрағанын ескерсек, кедейлік шегінде айына 9 200 теңгеден аз табатын азаматтар өмір сүреді.

Айта кетейік, статистика комитетінің дерегі бойынша, Қазақстан Республикасындағы табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2016 жылдың 2 тоқсанында 2,6% құраған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу