Ұйқы дертіне шалдыққан Калачи ауылында жергілікті тұрғынды түлкі тістеп алды

900

Ұйқы дертіне шалдыққан Калачи ауылында жергілікті тұрғынды түлкі тістеп алды

Ақмола облысындағы Калачи ауылында жергілікті тұрғынды түлкі тістеп алды.  
"Түлкі әйелдің саусағынан тістеп алған, қазір ол ем алып жатыр", – деп хабарлады аудандық әкімдікке сілтеме жасаған "Интерфакс-Казахстан".
Айта кетейік, тұрғындары көшіп, босап қалған ауылға түлкілер жиі келетін болған. Ұйқы дертіне байланысты танылған елдімекенде бүгінде 17 отбасы ғана тұрып жатыр. Қалғандары Есіл, Державин, Жарқайың аудандарына қоныс аударған. Ал түлкіден жапа шеккен әйел басқа жаққа көшуден бас тартқандардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу