"Үйлерді шайқаған": Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады

616

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады.

"Үйлерді шайқаған": Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады Фото: Halyqstan

Батыс Қазақстан облысында белгісіз ұшу аппаратты құлады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктіме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде таралған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Бөрлі ауданына қарасты Қызылтал ауылының жанында болған. Дрон жерге түскен кезде жарылған. Тұрғындардың айтуынша, оның толқыны үйлерді шайқаған. 

Оқиға бойынша БҚО полиция департаменті түсініктеме берді. 

"Қазіргі кезде мүдделі органдармен бірге Бөрлі ауданында ұшқышсыз ұшатын аппарат бөліктеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Нысан елді мекен аумағынан тыс жерден табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұл БҚО-да дронның құлауына қатысты тіркелген алғашқы жайт емес. Ақпан айында Бөкей Орда ауданының Ұялы ауылында белгісіз ұшу аппараты табылғаны туралы ақпарат тарады. Наурыз айында ұшқышсыз ұшатын дронға ұқсас зат Қазақстан ауылдық округі Атамекен ауылынан қашық жерде табылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу