Үкімет импортқа тәуелділікті азайту жоспарын жариялады

856

Биыл Қазақстанның экономикасы белсенді түрде қалпына келіп жатыр. Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бірлескен отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет импортқа тәуелділікті азайту жоспарын жариялады

"Бес айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 1,6 пайызды құрады. Экономиканың барлық салаларында оң өсім байқалады. Республика бойынша өңдеуші өнеркәсібі экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болып тұр. Соның ішінде, машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп жоғарғы өсімді көрсетті. Құрылыс саласы мен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу қарқыны жоғары. Ауыл шаруашылығында тұрақты өсу қарқыны байқалады", – дейді ол.

Асқар Мамин қызмет көрсету саласында екі ай қатарынан өсім серпіні белгіленін айтады. Бұған септігін тигізген негізі факторлар – сауда, байланыс, жылжымайтын мүлікпен операциялар, қаржы және сақтандыру қызметі салалары болған.

"Азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. 29 негізгі азық-түлік тауарының 11 100 пайыздан астамы қамтамасыз етілген. Тауардың 6 түрі бойынша импортқа тәуелділік бар. Оны азайту үшін Азық-түлік тауарлары өндірісін ұлғайту бойынша кешенді жоспар іске асырылып жатыр. Биыл 35 сүт-тауарлы ферманы, 2200 гектар бау-бақша, 2 ет комбинатын, 5 құс фабрикасын, 4 балық өндірісі объектісін іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар 2022-2023 жылдары тағы 70 сүт-тауарлы фермасын, 4400 гектар бау-бақша, 4 ет комбинатын, 6 құс фабрикасын, 4 балық өндірісі объектісін және 1 қант зауытын іске қосу көзделген. Осының барлығы 2024 жылға қарай негізгі азық-түлік тауарлары бойынша ішкі нарықты толық өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді Мамин.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу