Үкімет өндірушілердің сауда желілеріне 100 млрд теңге несие береді

541

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше дайын өнімді арзандатуға Үкімет тарапынан барлық шаралар жасалуда, деп жазады inbusiness.kz. 

Үкімет өндірушілердің сауда желілеріне 100 млрд теңге несие береді Фото: inform.kz

"Үкімет бюджет қаражаты есебінен дайын өнімді арзандату бойынша жеке жұмыс жүргізуде. Бұл тұрақтандыру қорларынан тауарлық интервенциялар және айналым қаражатын толықтыруға өндірушілердің сауда желілеріне жеңілдікпен несие беру. Бүгінгі таңда осы мақсаттарға бөлінетін сома 100 млрд теңгені құрайды", делінген ведомства таратқан ақпаратта.

Ал, Агроөөндірістік кешен нарықтарында баға белгілеу маусымдық сипатта болады, бұл кезде жеміс-көкөніс тобына жатпайтын тауарларды тұтыну жазда азаяды, ал қыста жеміс-көкөніс өнімдерін тұтыну азаяды.

"Осыған байланысты бағаның көтерілуінің негізділігін сенімді бағалау үшін өнімді сатудың барлық кезеңін - маусымдық және маусымдық емес (шығынды) ескеру қажет. Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу сонымен қатар ай бойынша динамикадағы шығындар мен пайда баптары туралы деректерді зерттеуді қажет етеді. Бұл монополияға қарсы әрекет ету шаралары бағаның өсуінен кейін бірден қолданылмайтынын білдіреді", делінген ақпаратта. 

Жалпы, жыл басынан бері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қант, жұмыртқа, тұз, нан, ұн, қарақұмық және сүт өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілерге бағаны төмендету туралы талаппен 82 хабарлама шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу