Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

640

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Жобалық офистің отырысын өткізді.

Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

Отырысқа Үкімет мүшелері, өңірлер әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Атамекен" ҰКП, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Даму" КДҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшылығы, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері және т. б. қатысты, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

"Қарапайым заттар экономикасы" жеңілдікті несиелендіру бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындысы, мемлекеттік сатып алудағы, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселесі, сондай-ақ аса зардап шеккен салалардағы бизнес субъектілеріне жүргізілген сауалнама нәтижесі мен олардың даму перспективасы қаралды.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша "Қарапайым заттар экономикасы" жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бойынша 504 млрд теңге сомасына 2201 жоба мақұлданды, 292 млрд теңге сомасына 1628 жоба субсидияланды. Субсидияланған жобалар бойынша көш басында Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, сондай-ақ Жамбыл және Қостанай облыстары, ал Павлодар, Қызылорда, Атырау облыстарында төмен динамика байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу