Ұлан-Баторда Қазақстан – Моңғолия бизнес форумы өтіп жатыр

1352

Ұлан-Баторда Қазақстан – Моңғолия бизнес форумы өтіп жатыр

Ұлан-Баторда алғаш рет қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясы өтуде. Іс-шараны ҚР-ның Монғолиядағы Елшілігінің қолдауымен "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі Монғолияның Сауда-Өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Ұлттық агенттіктің хабарлауыныша, 19 отандық өндіруші кәсіпорын (ұшақтар, трансформаторлар, рентген жабдығы, аккумуляторлық батареялар, арматуралық прокат, минералды тыңайтқыштар, оқшаулау материалдары, құрылыс қоспалары және лак-бояу өнімдері, кондитерлік тағамдар, күріш, ұн, рапс майы және күнжара, дәрілік препараттар, қаптама өнімі, сондай-ақ тазартылған күміс және құйма алтын) Монғолияның көтерме-сатып алу және дистрибьюторлық компанияларымен қазақстандық тауарларды осы елге жеткізу мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізуде,

Сонымен қатар, қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тіркеу және қазақстандық компаниялардың Монғолияның қазақстандық сатып алуына қатысуы үшін, Монғолияның денсаулық сақтау, азық-түлік және ауыл шаруашылығы, энергетика министрліктерінде кездесулер жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Монғолиямен сыртқы сауда айналымы 2015 жылы 54,6 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде Қазақстанның Монғолияға экспортының үлесі 98%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу