Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартты

Жаңадан шаңырақ көтерген ол келесі сот отырыстарына қатысқысы келмейтінін білдірген.   

Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартты Фото: politico.kz

Бұған дейін Астана қалалық сотында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан 23 жастағы фельдшердің өліміне қатысты сот отырысы басталған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сот кулуарында марқұмның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнелдің адвокаты бірнеше сұраққа жауап қатты. 

– Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартып, Ұлдана Мырзуанның анасына бергісі келеді. Заң бойынша жәбірленушінің мүддесін екі адам немесе біреуі ғана білдіре алады. Біз әзірге өтінішхат берген жоқпыз, бірақ береміз. Өтінішхаттан соң Әділет сот отырыстарына қатысқысы келмейді. Бүгін қатысуымызды өтінді, – деді қорғаушы Мұрат Мауметов.

Сондай-ақ, ол Әділет Зейнелдің жаңадан шаңырақ көтеруін жеке мәселесі екенін айтты. 

Жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрсұлтан Орынбектің пікірінше, заңдық тұрғыда ол жәбірленуші мәртебесінен айырылмайды.

– Заң бойынша Әділет Зейнел Ұлдана қайтыс болғанда заңды күйеуі болды. Кейін қайта үйленді. Заң бойынша мәртебесінен айырылмайды. Бірақ моральдық тұрғыда бұл шешім дұрысырақ деп ойлаймыз, – деді ол. 

Бұған дейін қызмет бабында қайтыс болған фельдшердің соты тікелей эфирде көрсетілетінін жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу