Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,75%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8,75% болады.
"Шешім экономикада сақталып отырған инфляцияға қарсы қысым аясында қабылданды, Нәтижесінде инфляция 2021 жылы 7,5-8,5% болжамды ауқымнан, әлемдік нарықтағы бағаның өсуінен, саудада әріптес болып саналатын елдердегі инфляцияның жеделдеуінен және елдегі жоғары инфляциядан қалыптасты", – деп жазылған хабарламада.
Ұлттық банк дерегінше, бүгінде сыртқы инфляциялық ахуал қолайсыз.
"Бұл әлемдегі азық-түлік бағасының жоғары болуына, жеткізілім қатарының үзілістеріне, тасымалдау, шикізат пен энергия тасымалдаушылар құнының өсуіне, сондай-ақ ішкі сұраныстың қалпына келуіне байланысты. ФАО азық-түлік бағаларының индексі 2021 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының барлық шағын тобына бағаның артуы жылдық көрсеткіште 32,8%-ға өсті", деп жазылған хабарламада.
Негізгі сауда әріптесі болып саналатын елдердегі инфляция деңгейі жоғары.
"Қытайда көмір мен энергияны көп қажет ететін салалар өніміне бағаның жоғарылауынан өндірушілер бағасының индексі 10,7%-ға дейін өсті. Биыл қыркүйекте Еуропалық Одақ елдерінде жылдық инфляция 3,6%-ға, Ресейде 7,4%-ға көтерілді. Мұны жылдық мәнде 7,8% құраған қазандағы апталық инфляция көрсетіп отыр", – деп жазылған хабарламада.