Ұлттық банк сақ стиліндегі жаңа банкнотаны айналымға шығарды

148

Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банк сақ стиліндегі жаңа банкнотаны айналымға шығарды Фото: Ұлттық Банк

Бұл "Сақ стилі" жаңа сериясынан үшінші банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.

Банкноталар жаппай қолданысқа 2025 жылдың екінші тоқсанында беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.

Ақша белгісінің дизайны мен формасы туралы

Банкноталардың түсі – жасыл.

Банкнотаның бет жағында:

– көкте қалықтап ұшқан құспен "Өмір ағашының" бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);

– ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;

– артефакт – молшылық пен байлықтың символы ретінде мүйізді жануардың бейнесі (Қызылтоған қорғаны, б.з.д. 7-6 ғғ., Жетісу).

Артқы жағында

– ою-өрнекпен безендірілген қалқанның фонында ақбөкендер;

– "Қалқанды" бейнелейтін дөңгелек қазақ ою-өрнегі - құндылықтарды қорғаудың символы, ежелгі символ – әлемнің төрт қыры, орталықтағы күн белгісі Жасампаз энергия мен өмірдің символы ретінде.

Сондай-ақ, банкнотаның сырт жағында артефакт – ақбөкеннің басы бейнеленген (№4 қорған, б.д. д. 7 ғғ., Қазақстан, Торғай облысы Қостанай уезінің Данбар болысынан табылды). Банкнотаның ортасында фон ретінде қазақ ою-өрнегіндегі "шексіздік" контуры бар, оның ішінде Бурабай көлінің бейнесі бейнеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу