Ұлттық фильмдердің халықаралық прокаты қолға алынбақ

972

Ұлттық фильмдердің халықаралық прокаты қолға алынбақ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі  қазақстандық киноны халықаралық нарықтарға шығармақ, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Бүгін біздің алдымызда өте маңызды мақсат тұр, яғни ол киноөндірістің сапалық және сандық көрсеткіштерін арттыруға, қазақстандық киноны халықаралық нарықтарға шығаруды қамтамасыз етуге байланысты. Осы ретте бұл мақсат-міндетті еңсеру біздің киноөндірістің, бұл саладағы қайраткерлердің қолынан келеді", – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова "Кинематография туралы" заң жобасын әзірлеуге мәселесіне арналған дөңгелек үстелде.

Айта кетейік, заң жобасын әзірлеу бастамасы кинематография саласындағы құқықтық реттеу тиімділігін арттыру, қолданыстағы заңнамадағы және сабақтас салалардағы кемшіліктерді жою қажеттігімен бекітілді. Бұл құжатты қабылдау ұлттық киноөндірісті қолдауға, ұлттық фильмдердің прокаты және дистрибуциясы саласында қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ ел аумағында, әлемде қазақстандық киноның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негізделген бірқатар шараларды қамтиды.

Белгілі болғандай, Кинематографияны дамыту тұжырымдамасы бойынша ағымдағы жыл бойы тиісті жұмыстар атқарылды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу