Ұлттық қордан трансфер теңгені күшейтті – Ұлттық Банк

199

2023 жылдың қорытындысы бойынша, экономика 5,1%-ға артты, ондағы басты нәтиже — теңгенің 1,7%-ға күшеюі болды.  

Ұлттық қордан трансфер теңгені күшейтті – Ұлттық Банк Фото: inbusiness.kz

Одан кейін 2024 жылдың басынан бастап теңге тағы да 1,7%-ға күшейіп, жалпы алғанда көрсеткіш 3,5%-ға жетті. Мұндай оң нәтижелерге не әсер етті? Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, теңгенің күшеюі қысқа мерзімдік сипат алды және Ұлттық қордан трансфер есебінен ғана жүзеге асты, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Егер 2023 жылы теңгенің нығаюына экономика дамуы мен тұрақты төлем балансы әсер етсе, биыл бұл процесс Ұлттық қордан қосымша трансфер есебінен орындалды. Бірінші жарты жылдықта салықты толыққанды жинамағандықтан республикалық бюджет тапшы, сәйкесінше Ұлттық қордан трансфер көлемі қатты ұлғайды. 5 айдың ішінде біз жылдық көлемнің 70%-ын саттық", — деді Ұлттық банк басшысы. 

Трансфер сату валюталық активтерден қаржыны алып, оны қазақстандық қор биржасына салу, кейін оны теңгеге алмастыру арқылы жүреді. 

"Біз биржаға қосымша валюта алып келгенде доллар ұсынысы көбейеді, сәйкесінше оның бағасы төмендейді. Осы 5 айда сатылған ввалютаның орташа көлемі сәйкес тарихи көрсеткіштерден 2 есе жоғары болды. Біз ай сайын $850 млн сатып отырдық. Маусымнан бастап $400-450 сататын болдық, яғни валюта нарығындағы біздің қатысуымыз екі есе қысқарды", — деді Сүлейменов. 

Былтыр экономикамыз тұрақтылығымен көзге түсті, биыл жағдай ондай емес, әзірге 3,4%-да тұрмыз. 

"Сондықтан теңгенің күшеюі іргелі сипатта болған жоқ, барлығы практикалық шаралардың арқасында болды. Қазір трансфер сомасы азайды, сондықтан теңге жақын арада өзінің іргелі көрсеткішіне — $1 үшін 460 теңге қалпына келеді деп үміттенеміз", — деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу