Ұлттық палата сүт саласын дамытуға арналған бағдарламаны әзірлеуге дайын

507

Қазақстанда 30 жыл бойы сүт саласын дамытуға арналған бағдарламалар ішкі нарықты 100% қамтуға кепіл берген. Алайда іс жүзінде әлі күнге дейін импортқа тәуелдіміз.  

Ұлттық палата сүт саласын дамытуға арналған бағдарламаны әзірлеуге дайын Фото: egemen.kz

Мәселен, өткен жылы 400 млн долларға дейін сүт өнімі сырттан келді, деп жазады inbusiness.kz "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Ұлттық палата сарапшылары жағдайды түбегейлі өзгертуге болады деп отыр. Ол үшін ұзақ мерзімге жоспарланған, үкіметтегі ауыс-түйіске, сыртқы факторға тәуелді болмайтын бағдарлама әзірлеуге де дайын және кәсіпкерлерден ұсыныс күтеді.

"Елімізде сүт саласының ауыл шаруашылығы экономикасындағы үлесі зор. Жыл сайын сүт саласы 500 млрд теңгеге жуық өнім өндіреді. Әрине, бұл – экономикаға қомақты үлес. Ауыл шаруашылығы – ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін сүт-тауар фермалары. Оның үстіне бұл фермерлер үздіксіз дамып, саласын жаңартып отырады. Жерді ең көп пайдаланатын шаруалар. Ал, "Атамекен" қабырғасында біз оларды "нағыз патриоттар" дейміз. Өйткені сүтпен айналысу өте қиын. Жылына 365 күн үздіксіз процесс. Сүт саласындағы танымал кәсіпкер Иван Адамович Сауэр кім сүтпен айналысқысы келсе, алдымен тік тұрып, ұйықтап үйрену керек деген болатын. Жұмысшылардың біліктілік деңгейі, техникалық қамтамасыз ету деңгейі – бәрі жоғары деңгейде болуы керек. Жаңа технологияларды енгізу қажет. Бір орында тұрмайтын процесс. Малдың жем-шөбінің сапасы, есеп-қисапты реттеу деген өндіріске аса жауапкершілікпен қарауды қажет ететін жұмыс. Сондықтан бұл жұмысты кез келген адам дөңгелетіп әкете алмайды. Осынша қиындыққа дайын болу керек", – деп баяндады Ербол Есенеев сүт саласындағы фермерлердің жұмысы жайлы.

Аталған бастаманы Ауыл шаруашылығы да, Үкімет те қолдап отыр.

Ербол Есенеев бағдарламаны неғұрлым ерте енгізу жоспарланғанын қосты. Себебі алдағы жылдарға даму жоспарын анықтау маңызды.

"Өңірлерге талдау жасап, тиімді жолды бекіту керек. Ғылымның шешімін талдау керек. Өкінішке қарай, ғылым бизнес қоятын талаптарға әрдайым жауап бере алмайды. Өз өндірісіміз, өз малымыз болу керек. Жем-шөппен қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде суармалы жерлер қажет. Сондықтан сұрақ көп. Осы процеске кіріскеннен кейін әрі қарай ауқымы ұлғаяды деп ойлаймын және тек "сүтпен" тоқтап қалмайды. Ұлттық палата барлық салаға осындай даму жоспарын әзірлеуді көздеп отыр. Сондай-ақ, оған үкіметтегі ауыс-түйіс те, сыртқы факторлар да әсер ете алмайтындай болады. Бұл осы саладағы кәсіпкерлердің іс-қимылына арналған және мемлекетке осы жобаларға қатысу мүмкіндік беретін бағдарлама болады", – деп түйіндеді Ұлттық палата сарапшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу