Ұлттық ұлан сарбаздары солтүстікте су басқан аймақты күзетеді

115

Күн сайын су басқан аймақта 50 әскери қызметші патрульдік қызмет атқарады.  

Ұлттық ұлан сарбаздары солтүстікте су басқан аймақты күзетеді Фото: t.me/qr_iim_uu

Солтүстік Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен Тепличное және Большая Малышка ауылдарында Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау және ұрлық-қарлықтың алдын алу жұмысын атқарып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың басты міндеті – су басқан аумақтарға рұқсатсыз адамдардың кіруіне жол бермеу, төтенше оқиғалар кезінде жедел әрекет ету.

Ұландықтар қоғамдық тәртіпті сақтау барысында жергілікті билік өкілдерімен және төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Сонымен бірге, тұрғындардың қауіпті аймақтарға өтуін немесе суға түсіп кетуін болдырмау үшін сақтық шаралары қолға алынған.

"24 сәуірден бері Ұлттық ұлан Академиясының 800-ден астам курсанты мен 6637 әскери бөлімінің 400-ге жуық әскери қызметшісі СҚО-да бөгеттерді нығайту және қорғаныс шептерін тұрғызу жұмыстарына тартылды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің тасуы салдарынан бұзылған Большая Малышка ауылы маңындағы бөгетті 100-ден аса әскери қызметші қайта бітеп, бекіту жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар тәулік бойы үздіксіз атқарылып, жағдай өзгерген сайын жедел әрекет етілуде. Әскери қызметшілер бүгін де тәулік бойы қызмет атқарады. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, су басқан аумақтардағы мүлікті күзетеді", – делінген ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу