Ұлттық валюта 3 теңгеге құлдырады

735

Жыл басы теңге үшін жағымсыз жаңалықтан басталды. Төл валютамыз биржадағы кешкі саудада бірден 2 теңге 75 тиынға құлдырады. 

Ұлттық валюта 3 теңгеге құлдырады

Ал, Алматының айырбас нүктелерінде 471 теңге дейін саудаланып жатыр. Жалпы, биыл теңге әлсіреуі мүмкін. Алайда қаншалықты құлдырайтынын дөп басып айту қиын. 

Сарапшылар мұнайдың арзандауы, рубльдің құлдырауы және Ұлттық қорды үнемдеу теңгені қыспаққа алуы мүмкін деп отыр. Белгілі экономист Мақсат Халықтың сөзіне сүйенсек, Қытайдың "тұмауратуы" мұнайға сұранысты азайтып, құнын түсірді. Бұл әлемдік рецессияның бірінші белгісі. 

Екінші мәселе  Ресей рублі де құнсыздана бастады. 

Үшіншіден, президент Ұлттық қордың трансферттерін қысқартуды тапсырды. Биржадағы бір күндік валюта саудасының 15 пайызы Ұлттық қордың трансферттерінен тұрады. Ал жылына 10 млрд доллар конвертацияланады. Егер бұл қаражат қысқарса, валюта нарығында теңдік бұзылып, теңгенің құны түсуі мүмкін. Теңге күрт құлдырап кетсе, Ұлттық банк интервецияға дайын екенін мәлімдеді. 

"Интервенция демекші, Ұлттық банк өткен жылы бірінші жарты жылдықта теңгені қолдау үшін нарыққа 1,6 млрд доллар шығарды. Ал, жылдың екінші жартысында валюта бағамы тұрақты болып, қолдауды қажет етпеді. Бірақ, соңғы айда зейнетақы активіндегі долларды теңестіру үшін нарықтан 43 млн долларға көкқағаз сатып алған. Сарапшының сөзінше, бұл Ұлттық банктің жағымсыз сценарийге дайындығы болса керек", дейді экономист Мақсат Халық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу