Ұлыбританиялық ғалымдар ғарышта тамақ өндіруді меңгермек

177

Жобаны Еуропа ғарыш агенттігі қаржыландырады.  

Ұлыбританиялық ғалымдар ғарышта тамақ өндіруді меңгермек Фото: bbc.com

Еуропалық ғарыш агенттігінің (ESA) жобасы орбитада және басқа әлемдерде ауырлық күші төмен және радиацияның жоғарылауы жағдайында зертханада өндірілген азық-түлікті өсірудің өміршеңдігін зерттеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Осылайша, ғалымдар ғарышта азық-түлік өндіруге ниетті. Қазір олар зертханада өсімдіктің ғарышта қалай өсетінін тексеруге кірісті. Тәжірибе барысында жасушалардан ақуыздар, майлар мен көмірсулар алынып, кейін олардан астронавтар өздеріне тамақ әзірлейді. Мәзір де дайын.

Ғарышкерлерге арналған стейк, картоп пюресі мен десерттер, егер бүгін орбитаға шығарылған тәжірибе сәтті болса, жақын арада ғарыштағы жеке жасушалардан өсірілуі мүмкін.

"Ең басты мақсат  ғарышкерлерге кететін шығынды азайту. Өйткені ғарышқа азық-түлік жеткізу қымбат",  дейді мамандар.

Бір астронавтың бір рет тамақтануына 10 мың доллардай жұмсалады. Бұл біздің ақшаға шаққанда, 5 миллион теңгедей болады.

Қатысушы топ бұл эксперимент 2 жылдан кейін Халықаралық ғарыш станциясында шағын пилоттық тамақ өндіретін зауытты дамытудың алғашқы қадамы екенін айтады.

"Біздің арманымыз  орбитада және Айда зауыттардың болуы",  деді олар BBC News-ке.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу