Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтарда іздеу жұмыстарына ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.
Іздестіру жұмыстары жүргізілген бағыт: Жезқазған қаласы - "Тоба" қыстағы және "Кіші Киік" қыстағы - Жезқазған қаласы.
“1964 жылы туған "Кіші Киік" қыстауының жұмысшысы 2022 жылдың 31 желтоқсанында қыстақтан белгісіз бағытта шығые кеткен, оның орналасқан жері әлі белгісіз. Жоғалу туралы өтініш осы жылдың 2 қаңтарында келіп түсті, іздестіру жұмыстары 8 тәулік бойы жүргізілуде. Сондай-ақ, 3 қаңтарда сағат 18:30-да "Тоба" қыстағының иесінен 1978 жылы туған қойшы мал іздеуге шығып, оралмады деген мәлімдеме түсті”, - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Еске салайық, осыған дейін Ұлытау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен үш адамды іздеп тапқанын жазған болатынбыз.