Үндістан үкіметі Нью-Делиде карантин талаптарын жеңілдетуге мәжбүр

672

Коронавирусқа байланысты әлемде қандай өзгерістер орын алып жатыр. Бұл туралы ВАК телеграм каналында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Үндістан үкіметі Нью-Делиде карантин талаптарын жеңілдетуге мәжбүр

Ресейде вакциналық туризм дами бастайды. Санкт-Петербург вакцинация үшін Ресейге баруға дайын шетелдік қонақтарды қабылдауға дайын, деп мәлімдеді қалалық туризмді дамыту комитетінің басшысы Сергей Корнеев. Үйлестіру орталығының функциясы Санкт-Петербург медициналық туризм агенттігіне жүктелмек.

 "Алма" компаниясында карантиндік тәртіпсіздік орын алуда. Apple қызметкерлері кеңседе аптасына кемінде үш күн жұмыс істеу міндетіне қарсы шығуда. Технологиялық корпорацияның көптеген қызметкерлеріне кеңсеге дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері келу ұсынылған болатын. Ашық хатта қызметкерлер "қашықтан жұмыс жасау" режимінен оралу кейбіреулерді жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мәжбүр еткенін айтты. Сондай-ақ, қашықтан жұмыс жасау компанияның табысты дамуына еш әсер етпейтіндігін де атап көрсеткен.

Австрия канцлері Себастьян Курц Британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын салдырды. Курц ел тұрғындарын  қалыпты жағдайға оралуға мүмкіндік беру үшін ерікті түрде вакцинациялауға шақырды.

Нидерланды әдеттегі өмірге кезең-кезеңімен оралуда.  Елде кинотеатрлар, мұражайлар, театрлар, сондай-ақ мейрамханалардың ішкі залдары ашылды. Мәдениет ұйымдарының жұмысын қайта бастау және гастрономиялық мекемелерге белгіленген шектеулерді алып тастау пандемия кезінде қабылданған шектеу шараларын біртіндеп жеңілдету болып табылады.

Нью-Делиде коронавирустық инфекциялардың төмендегені байқалады, сондықтан Үндістан астанасы карантинді жеңілдетуді қарастыруда. 7 маусымнан бастап метро жұмысын қайта бастайды, бірақ вагондарды толтыру 50%-тен аспауға тиіс. Келушілер санын шектей отырып, базарлар мен сауда орталықтары ашылады. Үкімет бұл шешімді экономиканы қалпына келтіру қажеттілігімен түсіндіреді.

Футболдан Еуропа чемпионаты трибунадағы көрермендердің қолдауымен өтеді. Италия футбол федерациясы: "Римдегі Еуропа чемпионатының төрт ойынына қатысатын барлық жанкүйерлер матчтан 48 сағат бұрын жасалған коронавирусқа тексерудің теріс нәтиже көрсеткен анықтамасын ұсынуы керек", – деп мәлімдеді.                                                                                                           

Еуро-2021 Италия-Түркия матчымен 11 маусымда ашылады және ол Римдегі Олимпиадалық стадионда өтеді. Италиядағы вакцинаның кем дегенде бір дозасымен егілген жанкүйерлер стадионға бара алады. Өз елдерінде вакцинацияланған чемпионаттың шетелдік қонақтары ойындарға коронавирусқа теріс нәтижелі болған анықтама бар жағдайда ғана жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу