Үш дүркін әлем чемпионы Пеле 82 жасында қайтыс болды

862

Бұл туралы оның қызы Келли Насименту Instagram желісінде хабарлады. 

Үш дүркін әлем чемпионы Пеле 82 жасында қайтыс болды Фото: РИА новости

"Бізде бардың бәрі сіздің арқаңызда. Біз сені шексіз жақсы көреміз. Жатқан жері жайлы болсын", – деп жазды ол.

Футболшының қайтыс болғанын оның агенті Джо Фрага да растады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске сала кетсек, 26 желтоқсанда Пеленің отбасымен қоштаса бастағанын хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу