Ұшып шыққан "Прогресс-МС-4" ғарыш кемесі Тыва Республикасының аумағына барып құлады

869

Ұшып шыққан "Прогресс-МС-4" ғарыш кемесі Тыва Республикасының аумағына барып құлады

"Байқоңырдан" ұшырылған "Прогресс-МС-4" ғарыш кемесі 6 минуттан кейін байланыстан жоғалып, Халықаралық ғарыш стансысына жетпеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА "Роскосмостың" ресми сайтында жарияланған мәліметке сілтеме жасап.

"Роскосмостың" хабарлауынша, кеме ғарыш орбитасына жетпей Ресей-Моңғолия шекарасына құлады.

"382-інші секундқа дейін зымыран-тасымалдағыштың ұшырылымы штаттық режимде өтті. Ұшырылымның 382-інші секундынан кейін телеметриялық ақпаратты қабылдау үзілді. Штаттық бақылау құралдары кеменің орбитада қызметке кіріскенін тіркемеді", – делінген таратылған мәліметте.

"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, штаттан тыс жағдайға байланысты көліктік-жүк кемесінің жоғалуы шамамен 190 шақырым биіктікте Тыва Республикасының адам жүрмейтін таулы аймағында орын алды. Және оның бөлшектерінің дені атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетті. Мемлекеттік комиссия қалыптасқан штаттан тыс жағдайға талдау жүргізуде", – деп хабарлады Ресейдің ғарыш агенттігі.

Корпорацияның мәлімдеуінше, жүк кемесінің жоғалып кетуі Халықаралық ғарыш станциясының қалыпты қызметіне және станциядағы экипаждың өміріне кері әсерін тигізбеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу