Дүбірлі жарысқа әлемнің таңдаулы спортшылары жиналып, жеке, жұптық және аралас сында жүлделер жиынтығын сарапқа салады. Биылғы жарысқа келген атлеттер қатарында олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен әлем кубогының жеңімпаздары бар. Бұл турнирде еліміздің атынан Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева және Сарвиноз Миркадирова сынды саңлақтарымыз өнер көрсетеді. Жарыс барысында спортшылар алдымен іріктеу кезеңінде бағын сынайды. Алғашқы сыннан сүрінбей өткен теннисшілер мықтылар санатынан орын алып, жүлделер үшін таласуға мүмкіндік алады. Жүлде қоры 75 мың долларды құрайтын әлемдік деңгейдегі турнир жеңімпаздары 3-ші тамыз күні белгілі болады.
"Үш жыл қатарынан өтіп келе жатыр. Жыл сайын осындай кіл мықтылар келеді. Танымал ойыншылар келеді. Сондықтан да біз үшін ол өте жақсы деңгей деп санауға болады", - дейді Үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айдос Кенжеғұлов.