Өскеменде Жедел жәрдем қызметкерлері күнделікті тәуекелге барған ісіміз бағаланбай, үстемақыдан қағылдық деп наразылық білдірді. Олардың айтуынша, мемлекет бұл қызметкерлерге 70 млрд теңге қарыз.
Бүгін осындай талаппен жазылған ұжымдық шағымға 315 адам қол қойды, деп хабарлайды Аtameken Business.
Олардың басым бөлігі коронавирусқа шалдыққан науқастармен жұмыс істейтін фельдшерлер мен жүргізушілер. Денсаулық сақтау министрлігі көрсеткен үстемақы 425 мың болса, қызметкерлер тек 50-80 мың теңгенің айналасында қаражат алатын көрінеді. Мамандар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына да жүгінген. Еш жауап болмаған соң, енді заңгер жалдап, өз құқықтарын сот арқылы қорғамақ.