Ұзынағаштағы қылмыс бойынша айыпталушылар сотта алқа билердің қатысуын сұрады

1043

Ұзынағаштағы қылмыс бойынша айыпталушылар сотта алқа билердің қатысуын сұрады

Бүгін Алматы облысының Қарасай аудандық сотында үш ағайындының өліміне қатысты талқылау жүріп жатыр. Айыпталушы тарап сотқа алқа билер қатыссын деген ұсыныстар білдірді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Әзірге алқа билер жөнінде нақты шешім қабылданбады. Сот кеңесу бөлмесіне кетті. Ендігі сот отырысы  17 қараша күні өтеді.  Қазір аталған қанды қылмыс бойынша үш күдікті қамауға алынды: 1971 жылғы Талғат Сүйлейменов, 1975 жылғы  Мұрат Оңалбаев және 1983 жылғы Бақыт Байқамысов есімді азаматтар.

Бұған дейін агенттік тілшісі берген сұхбатында Адал Зарылхан аталған істің тергелуіне мүлдем көңілі толмайтынын айтып,  сыбайластары толық ашылмағаны жөнінде жеткізген болатын. Естеріңізге сала кетейік, үш ағайынды жігіт Ұзынағашқа мал сатуға кетіп, артынша олардың өлі  денелері табылған еді.  Мұқият Зарылхан, Жарқынбек Долдан және Қаділбек Әлімханның артында 8 бала жетім, әйелдері жесір қалды. Дүйім жұртты шулатқан қанды қылмысты ішкі істер министрі өзі бақылауда ұстап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу