Вакцинацияны жүзеге асыру үшін көшпелі егу бригадалары құрылады

1016

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой адамдар көп жиналатын жерлерде жылжымалы егу пункттері ашылатынын айтты. 

Вакцинацияны жүзеге асыру үшін көшпелі егу бригадалары құрылады

Министр көшпелі егу бригадалары жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Өндірушілермен жүргізіліп жатқан келіссөздерді ескере отырып, Қазақстанға бірінші жартыжылдықта вакцинаның 6 млн-нан астам дозасын жеткізу жоспарланған. Бұл вакцинациялауға жататын контингенттің 64%-ын қамтуға жағдай жасайды. Аталған көлем КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті барынша кеңейтуге және тегін екпе алуға ниет білдірген тұлғаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", –  деді Алексей Цой.

Министрдің мәлімдеуінше, еңбек ұжымдарына және адамдар көп жиналатын орындарда вакцинация жүргізу мақсатында жылжымалы егу пунктері ашылады. 

"Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдері халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялаумен қамтуды арттыру үшін адамдар көп жиналатын жерлерде уақытта егу пунктттерін ұйымдастыруға тиіс. Көшпелі егу бригадаларды екпе жүргізу үшін термоконтейнермен, вакцина сақтауға арналған тоңазытқышпен қамтамасыз ету қажет", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу