Апостолдық нунций архиепископ Фрэнсис Чулликатт "Астана "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының" АҚ ұйымдастырушы кеңсесінде болды.
"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, басқосу барысында "Астана "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Ватикан елшісі алдағы көрме тақырыбының маңыздылығы мен әлеуетін атап өтті. Сонымен қатар, архиепископ ЭКСПО халықаралық көрмесіндегі Ватиканның ұлттық павильонының тақырыптық тұжырымдамасын жақын арада ұсынатындығын жеткізді.
А.Есімов, өз кезегінде нунцийды Көрмеге дайындық барысымен таныстырды. Ол бүгінде 104 мемлекет пен 17 халықаралық ұйымның қатысатындығын растағандығын және көп ұзамай барлық қатысушы мемлекеттерге павильондарының өткізілетіндігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, екі тарап павильонның техникалық дайындығы талқылады.