Ведомствоаралық комиссия Ресейге әуе рейстерін ұлғайтуға рұқсат берді

483

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 7 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері санын аптасына 11-ден 33 рейске дейін, яғни үш есеге ұлғайтуға рұқсат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссия Ресейге әуе рейстерін ұлғайтуға рұқсат берді

Енді Ресей тарабы екі ел арасындағы рейстер санын арттыру туралы шешім қабылдау керек.

Ресей жағы оң шешім қабылдаған жағдайда екі ел арасындағы тұрақты рейстердің санын Нұр-Сұлтан – Мәскеу, Алматы – Мәскеу, Шымкент – Мәскеу және Қарағанды – Мәскеу бағыттарында ұлғайту жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу