Visa мен MasterCard көш бастап тұр

764

Төлем карточкалары бойынша жалпы айналымнан қолма-қол ақша алу үлесі төмендеуін жалғастырып, өткен жылғы 71,4%-бен салыстырғанда биыл тек 59,7% құрады.

Visa мен MasterCard көш бастап тұр

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын (ЕДБ және "Қазпошта") пайдалана отырып алынған қолма-қол ақша сомасы 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 7,7 трлн теңгеден сәл асып түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп, деп жазады finprom.kz.

Сонымен бірге, төлем карточкалары бойынша жалпы айналымнан қолма-қол ақша алу үлесі төмендеуін жалғастырып, өткен жылғы 71,4%-бен салыстырғанда биыл тек 59,7% құрады.

Транзакциялар саны бойынша айналымның үлесі одан да аз: бір жыл ішінде ол 38,2%-дан 27,4%-ға төмендеді. Бұл 183,3 млн транзакция, жыл сайынғы өсуімен 41,7%.

Түсіндіре кетсек, карточкалардың бүкіл айналымынан қолма-қол ақша алу үлесінің азаюы қаржы және сауда салаларынан бастап, барлық құрылымдарды автоматтандыру және цифрландырумен бірге қарқынды дамып келе жатқан экономика тенденцияларына сәйкес келетін қолма-қол ақшасыз төлем жасау транзакциялары санының едәуір артуына байланысты.

Берілген қолма-қол ақшаның, сондай-ақ ақшаны қолма-қол ету операцияларының жалпы көлемінің 96%-ы Visa және MasterCard карталарын қолдану арқылы жүзеге асқан. Қолма-қол ақша алу бойынша Visa көш басында болғанына қарамастан (4 трлн теңге), жүйе көрсеткіштері 1,1% төмендеді.

Төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақша алудың жалпы көлемінің өсуін MasterCard қамтамасыз етті, бұл көрсеткіш 3,4 трлн теңгеге дейін, бірден 79,1% өсті. Visa бір жыл бұрын МС-дан қарағанда едәуір басым еді: 4 трлн теңгеге қарсы 1,9 трлн.

Қолма-қол ақша алу транзакциялары саны бойынша MasterCard қазір алда: Visa-ның 75,5 милионына қарсы 100,1 млн.  Visa операциялары санының өсуі бар-жоғы 1,1%, ал МС - 2,1 есе өсті.

Пайдаланылатын карталар саны бойынша үстемдік ететін Visa төлем жүйесі мен оған белсенді ілесіп келе жатқан MC арасындағы айырмашылық айтарлықтай азаюда.

Егер осыдан екі жыл бұрын олардың арасындағы айырмашылық Visa пайдасына 3,5 миллион карточка болса, былтыр 2,8 миллионға дейін төмендеді, ал биыл маусым айының соңында 2,5 миллионға дейін қысқарды. Осылайша, нарықта белсенді түрде 7,7 млн (+жылына 23,5%) Visa белсенді карталары және 5,2 млн (+жылына 49,9%) MasterCard карталары қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу