Вокзалдар мен әуежай басшыларына 14 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

780

Транспорттық полиция мамандарының айтуынша, тексеру барысында 11 ғимараттың терроризмге қарсы заңнама талаптарына сай еместігі анықталған. Бұл тізімде Нұр-Сұлтан, Петропавл темір жол вокзалдары мен Жезқазған қаласының әуежайы бар.

Вокзалдар мен әуежай басшыларына 14 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Елімізде жыл басынан бері 15 темір жол вокзалы мен 5 әуежай тексеріліп, бірқатар нысанның басшыларына 14 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Atameken Business.

Транспорттық полиция мамандарының айтуынша, тексеру барысында 11 ғимараттың терроризмге қарсы заңнама талаптарына сай еместігі анықталған. Бұл тізімде Нұр-Сұлтан, Петропавл темір жол вокзалдары мен Жезқазған қаласының әуежайы бар.

Көлік полициясы департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Ерлан Алимовтың айтуынша, заңнамаға сәйкес, мекеме басшылары сеніп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғанысын қамтамасыз ету шараларын қабылдауы, сондай-ақ қызметкерлерін оқытуы, ғимаратты қарап шығуы және жарылғыш құрылғыларды орналастыруға болатын орындарды анықтауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу